Аралдық отбасыға қарақшылық шабуыл жасалған
Аралдық бір отбасыға қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Қылмыстық оқиғаны Қызылорда облыстық Полиция департаментінде растады. Департамент хабарламасында «Арал ауданында орын алған қарақшылық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысқа қатысы бар күдіктілерді ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шаралары өткізілуде. Қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», - делінген.