Жанкент ауылында өрттен екі адам көз жұмды
Қызылорда облысында көппәтерлі жапсарлас салынған үйлер өртенді. Қазалы ауданы Жанкент елді мекенінде болған оқыс оқиға салдарынан 55 жастағы ер кісі мен 2 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
32 шақырым жердегі өрт сөндіру бекетінен дереу шыққан құтқарушылар жетемін дегенше 63 шаршы\метр аумаққа жайылып үлгерген. Сәт сайын үдеген қызыл жалын үйдің шатырын ортасына түсіреді. Ауыл тұрғындары көмегімен 4 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Түс ауа тілсіз жаудың бетін қайтарған өрт сөндірушілер үйінді арасынан денесін күйік шалған 2 адамның мәйітін алып шықты.