Өзін ұрып-соққан адамды кешірді
Арал аудандық сотында өзгеге күш қолданған құқық бұзушының ісі қаралды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудан сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Н. азаматша К.-ға себепсізден-себепсіз тиісіп, балағат сөздер айтып, ұрып-соғып, денесіне жарақат салған. Бірақ жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келмеген.
Сотта жәбірленуші К. құқық бұзушыға кешірім бергенін, онымен медиация тәртібімен татуласқанын айтып, әкімшілік істі тоқтатуды сұраған.
Сот отырысында іс құжаттары зерттеліп, құқық бұзушы мен жәбірленушінің медиация арқылы татуласқандары ескеріліп, әкімшілік іс өндірістен тоқтатылды.