Жалағаш тұрғыны біреудің құжаттарын пайдаланып, өзіне несие рәсімдеген
Жалағаш тұрғыны біреудің құжаттарын пайдаланып, өзіне несие рәсімдеген, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, айлық жалақысын аударып алу үшін жеке куәлігіндегі ЖСН және банкомат карточкасының 16 цифрлық сандарын алады. Сосын ғаламтор желісі арқылы шағын несиені рәсімдеген. Заң бұзушылық әрекетімен жәбірленушіге 100 000 теңге көлемінде зиян келтірген», – дейді аудандық соттың баспасөз қызметі.
Сот отырысында сотталушы кінәні толық мойындады.
Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.