Қалтасынан есірткі табылды
Арал аудандық сотында есірткі затын сақтаған азаматтың ісі қаралды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушы өзінің қылмысын толық мойындап, оның қылмыстық әрекеті толық дәлелденген.
Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде көрсетілген заңды бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 24 050 теңге мөлшерінде айыппұлға жазаланды.