Қызылорда-Жезқазған жолында қалып қойған 10 адам құтқарылды
Құтқарушылар адамдарды Қызылорда-Жезқазған автожолынан құтқарды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

3 құтқарушы, 1 бірлік техникасы бар құтқару тобы хабар алысымен сағат 16:45 минутта Қызылорда қаласынан шығып кетті.
«Жасақ құтқарушылары Қызылорда-Жезқазған тас жолында 84 шақырым қашықтықта 10 адамы бар, бұзылып тұрған жолаушылар "Астана-Қызылорда" бағытындағы автобусты тапты. Зардап шегушілер ыстық шаймен қамтамасыз етілді. Жасақ құтқарушылары зардап шегушілерді Қызылорда қаласына эвакуациялау жұмыстарын жүргізді», – делінген ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының мәліметінде.


