«Назар аударыңыз! Улы газ»
Шиелі кентіндегі «Шиелі аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектебінде» қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Шиелі ауданы
Төтенше жағдайлар бөлімі.
Аталған мекеменің күзетшісі табиғи газдан уланып қайтыс болды. Оқиға мекеме қызметкерінің газ пешіне немқұрайлықпен қарау, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан орын алды.
Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді:
Улы газ – ол көзге көрінбейді, иісі жоқ.
Табиғи газбен уланғандағы белгілер: бұлшық еттердің әлсіреуі пайда болады, бас айналады, құлақ ішінде шу пайда болады, жүрек айнуын туғызады, құсу, ұйқышылдық кейде керісінше, уақытша көтеріңкі қозғалғыштық, сонан соң қозғалыстық үйлестіктері бұзылуы мүмкін - сандырақ, елестеушілік, естен тану мен сіңір тартылу.
Улы газбен уланған кезде, газ келіп тұрған кранды жабыңыз, зардап шеккен адамды таза ауаға шығарыңыз, жатқызып, таза ауаның үздіксіз келуін және тыныштықты қамтамасыз етіңіз. Егер зардап шеккен адам есінен танған болса, жедел көмек келгенше немесе есін жинағанша, оған жасанды тыныс алу және жүрекке массаж жасау қажет.