Пойыз жолаушысынан есірткі табылды
Полиция қызметкерлері қызметтік иттердің көмегімен №377 «Алматы-Маңғышлақ» бағытына қатынайтын пойыздың жолаушысынан аса ірі мөлшердегі есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Арал ауданы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушы салмағы 16008 грамм болатын аса ірі мөлшердегі кептірілген «марихуана» есірткі затын заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.
Сотталушы қылмыстық әрекетін мойындап, іс құжаттары толық дәлелденді.
Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.