ПАРИЖДЕ БЕЛГІСІЗ БІРЕУЛЕР ЖУРНАЛ РЕДАКЦИЯСЫНА ОҚ ЖАУДЫРДЫ
Парижде белгісіз біреулер Charlie Hebdo сатира журналының редакциясына оқ жаудырды, соңғы мәліметтер бойынша кем дегенде 12 адам қаза тапты, тағы он шақты адам жараланған - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша бетперде киген екі адам автоматтан оқ жаудырған. Басылым редакциясының бірнеше қызметкері ғимараттың шатырына жасырынып үлгерген. Оқиға орнына келген Франция президенті Франсуа Олланд "сатира журналының редакциясына жасалған шабуылдың теракт екені сөзсіз" деп мәлімдеді. "Соңғы апталарда осындай бірнеше террорлық шабуылдың жолы кесілді", - деді Олланд ақпарат құралдарына.
Ел үкіметі осы оқиғаға байланысты шұғыл отырыс өткізгелі жатыр.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, Charlie Hebdo бұған дейін - 2006-2012 жылдары Мұхаммед пайғамбарға бірнеше карикатура жасап танымал болған. Басылым беттеріндегі мұндай суреттер мұсылмандардың наразылығын туғызды.
Парижде қарулы шабуыл жасалған Charlie Hebdo сатира басылымы өзінің Twitter-дегі шағын блогына соңғы рет "Ислам мемлекеті" тобы содырларының жетекшісі Әбу Бакра әл-Бағдадиге арналған карикатураны жариялаған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Карикатура қарулы шабуылдан шамамен бір сағат бұрын жарияланған. Онда исламистер жетекшісінің көпшілікке "денсаулық пен бар жақсылықты" тілегені бейнеленген.
AFP агенттігінің хабарлауынша, Charlie Hebdo журналы редакциясына шабуылдаған қарулы ер адамдар "Аллаһу акбар, біз пайғамбар үшін кек алдық" деп айқайлаған. France TV Info сайтында жарияланған куәгерлердің видеосынан террористердің полициямен атысып болып, машинаға отырып, ғимаратты тастап бара жатқанын көруге болады. Видеоға қара киім киген екі ер адам түсіп қалған.
Ал Еuronews қарулы шабуылға жуырда сатира апталығы жариялаған жазушы Мишель Уэльбектің болжамдары себеп болуы мүмкін деп хабарлады. Ол "2022 жылы Францияда исламист президент болуы мүмкін және ол кезде Парижде Пасха емес, Рамазан тойланады" деген.