ТҮНЕЙМІН ДЕП ТОНАП КЕТТІ
Сотталушы М. арызданушы Д.-ға жолығып, өзін «Айдана» деп таныстырып, келінін іздеп жүргендігін, баратын ешқандай туыстарының жоқ екендігін айтып, үйіне бір күнге түнеп шығуға рұқсат сұрап, оған келісім берген. Бұл туралы Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
Ертеңіне сотталушы М. ұйқысынан тұрған соң, сол үйдің терезесінің алдында тұрған үй иесіне тиесілі, бағасы 30 000 теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап алып кеткен.
Сотта сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жәбірленушімен татуласқанын, келген залалдың орнын толтырғанын айтып, жасаған әрекетіне кешірім сұрағанын көрсетті.
Сот істі және іс бойынша барлық мән-жайларды қарап, сотталушы М.-ны қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі қысқарту жөнінде қаулы қабылдады.