БАЛАСЫН АБАЙСЫЗДА ӨЛТІРІП АЛҒАН ӘКЕНІҢ ЕРКІНДІГІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ
Сотталушы А. Шиелі кентінің орталығына жеке жұмысымен бармақшы болып, үйінің алдында тұрған автокөлігіне отырып, автокөлігімен артқа қарай жүріп бара жатып, автокөліктің астына еңбектеп барған өзінің баласын абайсызда басып кетеді.
Осылайша сотталушы Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің (ЖҚЕ) 8.13 тармағының, «көлік құралдарына, егер бұл маневр қауіпсіз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергі туындамайтын болса, артқы жүріске рұқсат етіледі, егер қажет болған жағдайда жүргізуші артқы жүріс кезінде басқа адамның көмегіне жүгінуі тиіс» деген талаптарын бұзып, нәтижесінде баласы сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес «ауыр» дене жарақатын салып, ол алған дене жарақатынан қайтыс болған.
Сот сотталушы А.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 63-бабын қолданылып, тағайындалған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын шартты деп санап, оған 1 жыл сынақ мерзімін белгіледі.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі