ЕСІРТКІ ЕГУШІЛЕР
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар сора өсімдіктерін ірі мөлшерде заңсыз егіп, сату үшін өсірген үшін 3 адамға қатысты айыптау үкімін шығарды.
Көктем мезгілінде екі адам сора өсімдігін егіп, өсіріп, егіс алқабы басында қонып, өмір сүруге қажетті барлық тұрмыстық заттарды, құрал-саймандарды, яғни ыдыс-аяқ, газ плита, палатка, кетпен, күрек, тырма, көрпе-төсек, азық-түліктерді және су тартатын насос, электр тогын беретін генератор, шлангаларды сатып алып, адамдар тұратын жерден 95 км қашықтықтағы сора өсімдігін егіп, өсіруге қолайлы сексеуіл өсімдіктері өскен аймаққа барған. 2 жерден көлемдері 30х50 метр болатын жердің сексеуілін кетпенмен шауып тазалап, жан-жағын шапқан сексеуіл бұталарымен айналдыра қоршалап, одан өздері уақытша тұрып, өмір сүруге арнап жертөле қазып, ішіне ыдыс-аяқтары мен азық түліктерін, төсек-орындарын орналастарып, одан әрі құдық қазып, су шығарып, ток беретін генератордың дауысы қатты шықпайтындай етіп, құдықтың төбесін сексеуіл бұталарымен, топырақпен жауып орналастырған.
Одан кейін, біреуі қабын су жүретін арық жасап, ал екінші алқапты ұяшықтап, олардың бойына өздерімен бірге алып барған сора өсімдігінің тұқымдарын еккен.
Жаз бойы олар 4895 түп сора өсімдігінің айналасындағы арам-шөптерін жұлып, түбін көміп, түптеп, күнделікті күтіп-баптап, заңсыз өсірген.
Шілде айының аяғында «егіншілердің» біреуі азық-түлік пен құрт-құмырсқа уын алып келетін болып қалаға кеткен. Қалада ол өзінің танысын кездестіріп, соңғыға өздерінің ірі мөлшерде сора өсімдіктерін егіп, өсіріп жатқандарын, егер өсіріп, одан кейін жинап, өткізуге көмектесетін болса ірі мөлшерде пайда табатындарын айтып, бірге сол сора өсімдіктері өскен алқап басына барып жұмыс жасауды ұсынған. Соңғысы ол ұсынысын қабылдап, екеуі алқабқа келген.
Тамыз айының басында сораның көбісі жұлынып, арық бойына кептіруге жайылып қойған кезде, алқапқа полиция қызметкерлері келді.
Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырған К. 13 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Қалған екеуі 11 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Одан басқа үшеуініңде мүлкі тәркіленеді. Сараптамалардың қорытындысына сәйкес үш сотталушыға да ерікісіз түрде нашақорлықтан емдеу жүргізу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының кеңсе меңгерушісі