ЖЕР ҚҰЖАТТАРЫН РӘСІМДЕМЕКШІ БОЛҒАН «ЖОМАРТ ҚЫЗМЕТКЕР» ҰСТАЛДЫ
Қызылордада бірнеше адамды жер құжаттарын дайындап беремін деп алдап соғып, қомақты қаржысын жымқырған азаматша ұсталып, бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімі мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Қалдыбек Абдуллаев.
Аталмыш азаматша өзін «жер қатынастары бөлімінің» қызметкері етіп таныстырып, қала тұрғынынан СПМК-70 маңындағы жердің құжаттарын бір айдың ішінде дайындап беруге уәдесін үйіп-төгіп, жұмысына 900 мың теңге талап еткен. Дәл осындай тәсілмен азаматша Қызылорда қаласының үш тұрғынын алаяқтық жолмен алдап соққан.
2009 жылы алаяқтық қылмыс жасағаны үшін 5 жылға сотты болып Алиакбароваға, ҚР ҚК-нің 72-бабының 1 –бөлігін қолданып, баласы он төрт жасқа толғанға дейін 5 жыл мерзімге жазасын өтеуден босатылған. Оның жаза өтеуін кейінге қалдыру мерзімі ішінде мінез құлқын бақылауды Қызылорда қалалық қылмыстық атқару инспекциясына жүктелген. Қазіргі таңда сезікті құрықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, алаяқтық қылмысы өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда биыл 8,9 пайызға төмендеген.