ДЕНИС ТЕННІҢ ӨЛІМІНЕ КҮДІКТІЛЕРДІҢ БІРЕУІ ҰСТАЛДЫ

Бүгін ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, күдіктілердің кім екені арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде анықталып отыр. Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екінші күдіктіні ұстау бойынша тиісті іздестіру шаралары атқарылуда. Өзге ақпараттар тергеу жұмыстарына байланысты құпия болып отыр.