ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ СЫРАҒА СЫЛҚИТА ТОЙҒЫЗҒАН
Жасөспірімге күштеп алкогольдік ішімдік ішкізген 40 жастағы байқоңырлық тұрғын әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Н.Мәкенов 2002 жылғы А.Төлендиев пен 1998 жылғы Нұрабаеваны сыраға сылқита тойғызып, мас қылған. Медициналық куәландыру қорытындысы олардың мастығы жеңіл дәрежеде екенін көрсетті. Мұндай жағдай айлық есептік көрсеткіштің 20-дан 50-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады.
Н.Макеновке сот қаулысымен 37 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енбеген.
(Аты-жөндері өзгертілген)