ШАТЫРҒА ҚҰЛАДЫ
2014 жылдың желтоқсан айының 10-ы күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінен ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшісіне Қызылорда қаласының Айтбаев көшесінде орналасқан 33 үйдің 4-ші қабаттағы пәтердің терезесінен бір ер азамат құлап кеткені жөнінде хабар түсті. Жасақ құтқарушылары тез арада оқиға орнына жетіп, анықтау барысында зардап шегуші мас күйінде терезе алдында темекі тартып отырып, тепе-теңдігін жоғалтып, төмендегі қосымша салынған құрылыс «Адат» фирмасының шатырына құлап, аяғын сындырып алғандығы анықталды.
Құтқарушылар зардап шегушіге алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек көрсетіп, қосалқы құрылыстың шатырынан түсіріп, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
«ОӨАЖҚЖ» ММ
Құтқарушылар зардап шегушіге алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек көрсетіп, қосалқы құрылыстың шатырынан түсіріп, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
«ОӨАЖҚЖ» ММ