ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН ШАБУЫЛ
Сотталушы И. «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС-де жұмысшы болып қызмет атқарып жүріп, ақша табу мақсатында орталық базарға барып, азарттық ойын ойнап барлық айлық табысымен анасының берген ақшасын да азарттық ойынға салып жіберген. Өзінің ақшасын ойынға салып жібергенін білдіртпеу үшін жалған өзіне қатысты шабуыл ұйымдастырып, Қызылорда қаласындағы мектептің ауласындағы пайдалануға келмейтін ғимаратқа барып, өзінің «Самсунг Дуос» ұялы телефонын, жеке куәлігі бар партмонесін және үстіндегі күртешесін шешіп тығып кетіп, үйіне барып мені бейтаныс кісілер тонап кетті деп туыстарына жалған жауап берген.
Қызылорда қаласының №2 сотымен сотталушы И. ҚР ҚК нің 351-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 200 (екі) жүз сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі