ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҢ «ІЗІН СУЫТПАЙ» АШТЫ
Кеше «Самара-Шымкент» М-32 трассасы бойында кезекті рейдтік тексеріс барысында Жол патрульдік полиция қызметкерлері «Некси» маркалы авкөлігін тонамақшы болған қарақшылық шабуыл қылмысының «ізін суытпай» бетін ашты. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыскерлерді Ішкі істер департаментінің Жол патрульдік полиция ротасы мен Тасбөгет ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірігіп құрықтаған. Тексеру барысында жоғарыда аталған автокөлік жүргізушісі Өзбекстан Республикасының азаматы екендігі анықталып, осы азаматты бетперде киген, балға және пистолет тектес қару ұстанған белгісіз біреулер мемлекеттік нөмірлік белгісі жоқ Мерседес Бенц маркалы автокөлігімен тоқтатып, ақша талап еткені белгілі болды.
Автокөлікті қарау барысында айғақтық зат ретінде бетперде, жоғарыда аталған қару түрлері және автокөлікке тиесілі мемлекеттік нөмірлік белгісі алынды. Оқиға орнында күдікті ретінде ұсталған 3 азаматтың 1994 жылы туылған Қызылорда облысы Махамбет ауылының тұрғындары екендігі анықталып, 3-уі де жасаған қылмыстарын толық мойындап отыр. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.