БҰЗЫЛҒАН КӨЛІКТЕГІ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ҚҰТҚАРДЫ
Өткен бейсенбіде Қазалы ауданында "Шымкент-Самара" автожолында Қазалыдан 5 км шамасында "MAN" маркалы автобус м/н В 271 ВС_50 (салонында 108 жолаушы болған, оның екеуі бала, Өзбекстан елінің азаматтары) "Москва – Ташкент" маршрутымен кетіп бара жатқан. Автобустың бұзылып қалғандығына сәйкес 92 жолаушы Қазалы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектепке эвакуация жасалды. Төрт жолаушыға медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатуға қарсы болды. 16 жолаушы жолдағы өзге көлікке отырғызылып жолға шығып кетті. Оқиға орнына төтенше жағдайлар бөлімінің жедел тобы шықты (құрамында 2 адам мен 1 техника бар), Әйтеке би күре жолдық медициналық құтқару бекетінен (4 адам мен 1 техника) аудандық ішкі істер бөлімінен (15 адам мен 4 техника) жедел-жәрдем бригадасы (3 адам мен 1 техника), әкімшілік қызметкерлері ( 10 адам мен 3 техника). Зардап шеккендер жоқ.
2014 жылдың 4 желтоқсанында 23 сағат 30 минут шамасында Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Г.Ниетәлиевтен мектепке көшірілген 92 жолаушының 21-і медициналық көмекке жүгінгендігі, оның ішінде 13 адамы аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына, 8 адамы темір жол ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жатқызылғандығы туралы хабар келіп түскен.
2014 жылдың 4 желтоқсанында 2 ер адам «Уфа-Ташкент» бағытындағы жолаушылар поезымен кетіп қалған.
2014 жылдың 5 желтоқсанында 16 сағат 00 минут шамасында 87 ер адам «Сексеуіл-Түркістан» бағытындағы жолаушылар поезына отырғызылып Түркістан қаласына жөнелтілді. Қазіргі уақытта 3 ер адам "MAN" маркалы автобустың бұзылған жерін жөндеуде. Зардап шеккендер жоқ.
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы