БАЛАҒАТТАҒАНЫ ҮШІН ӨЛТІРГЕН
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты танымайтын адамды өзін балағаттағаны үшін өлтірген 26 жасар жігітке қатысты айыптау үкім шығарды.
Сотталушы да, жәбірленуші де қатты мас болғанын ескеру қажет. Сол бір жаздың ыстық күні жәбірленуші әйелімен бірге бажасының үйіне қонаққа келген. Бажасы екеуі бір жарым литр сыра ішкен, ол таусылған сон тағы да алып ішкен. Сөйтіп, біраз сыра ішілді. Сыраны үйдің қасында орналасқан дүкеннен алып отырған. Бажалар тағыда сыраға дүкенге келгенде жәбірленуші өзінің бажасының басынан баклажкамен бір рет ұрған, одан кейін балағаттаған. Екеуі ерегісіп, жаға ұстасып қалады. Бажаларды сол дүкеннің қожайыны мен дүкенде сыра ішіп тұрған бір жігіт ажыратады. Сол кезде жәбірленуші «Сен кімсің? Араласпа бізге» деп бейтаныс жігітке бас салады. Енді олардың екеуінің арасында төбелес басталады. Оларды ажыратып, әр қайсысы өз жолымен кетеді. Алайда, сол күні сыра сататын дүкенннің қасында олар тағы кездесіп қалады. Тағы балағат сөздер, ерегіс пайда болады. Таңғы сағат 5-де бажалар сол көшенің бойынша бағанағы бейтаныс жігітті тағы да көреді. Әбден мас болған жәбірленуші оған қайтадан тиіседі. Жігітте сыраны таңға дейін ішкені көрініп тұр. Екеуі төбелесті қайтадан бастайды. Бір кезде жігіт кетіп қалып қолына пышақ ұстап келеді. Бірақ, жәбірленуші одан ірі, денелі болғандықтан оның пышақ ұстап тұрған қолын қайырып жібереді. Пышақтың жүзі жігіттің өзіне тиеді. Жарақат алған ол, арпалысып жүріп пышақты жұлып алып, оң қолымен бірнеше мәрте жәбірленушінің жүрек тұсына ұрады. Алған жарақаттардан жәбірленуші оқиға болған жерде қайтыс болады.
Басты сот талқылауында сотталушы өз жауабында алған дене жарақатынан есін жоғалтып амнезия науқасымен ауыратынын көрсетіп, оқиға жөнінде ешнәрсе есінде жоқ екенін, қайтыс болған адамның туыстарынан кешірім сұрайтынын көрсетті.
Сот оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуді белгіледі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі