АРАЛҒА АУЫП КЕЛГЕН КИІКТЕРДІ АУЛАҒАН
Арал аудандық соты киік аулаумен айналысқан 8 браконьерге қатысты 5 қылмыстық істі қарады. Бір қызығы, олар қылмысты биыл 4-11 наурыздың аралығында және шамамен Арал қаласынан 5-6 шақырым қашықтықта жасаған.
Соған қарағанда, дала еркелері сол бір салқын, өкпек желді, суық күндері әлсіреп, жылу іздеп, елді мекенге ағып келген сияқты. Аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, айыпты азаматтардың залал орнын толтыруға мүдделі екендіктері, қылмыстарына шын мәнінде өкінетіндері ескеріліп, барлығына бас бостандықтарынан шектеу жазасы тағайындалды.
Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының талап арызы бойынша олардан мемлекет пайдасына 3 611 мың теңгеден астам қаржы өндірілетін болды.