АС ӘЗІРЛЕЙМІН ДЕП УЛАНЫП ҚАЛДЫ
Қаланың 22 жасар тұрғыны ас әзірлеп ішемін деп газға уланып қалды. Бұл туралы «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен сейсенбіде ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері өрттің алдын алды.
Оқиға орнына құтқарушыларды пәтер иесі шақырған. Ол пәтер жалдаушысына барғанда әлгі қыз есігін ашпаған, іштен түтіннің иісі шығып жатқандығын айтып хабарласқан.
Қызметкерлердің шұғыл әрекеті нәтижесінде 1992 жылы туылған қала тұрғыны тамақ әзірлеп жүріп газ плитасын қосулы күйде қалдырып, өзі ұйықтап кеткендігі анықталды. Соның салдарынан түтінге уланып қалған. Құтқару жасағының жетекшісі Д. Есемұратов тез арада жедел-жәрдем қызметкерлерін шақырып, бөлмелердің терезелерін ашып, пәтер ішіндегі түтінді желдеткен.
Жасақ құтқарушылары зардап шегушіні жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Шынар БЕКБАН