АЯЗ ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН 21 ЖОЛАУШЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Шымкент-Самара тасжолында Ақтөбеден Шымкентке бағыт алған жолаушылар автобусы бұзылып жолда қалып қойған. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК «Апат медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде орналасқан күре жолдық медициналық бекетіне Аудандық Ішкі істер бөлімінің кезекші диспетчері, майор М. Өмірзақовтан хабар келіп түскен.
Хабар алысымен күре жолдық медициналық бекеттің шұғыл әрекет ету бригадасы оқиға орнына уақытылы жетті. Жолаушылар автобусында барлығы 21 жолаушы болған. 7 жолаушы медициналық көмекке жүгінген. Медициналық көмек көрсетілген соң, жолда қалған автобустың жүруіне құтқарушылар көмектесті.
ҚР ІІМ ТЖК «Апат медицинасы орталығы» ММ
Қызылорда облысы бойынша филиалы