КҮЙЕУІН ӨЛТІРГЕН ҮШІН ЖЕТІ ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Жақын арада Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ауыр қылмыс жасаған әйелге қатысты айыптау үкімін шығарды.
Сотталушы алдын ала тергеу кезінде айыбын толық мойындап, сол күні ол үйіне келгенде, оның азаматтық некедегі күйеуі, олардың ортақ таныс адаммен бірге арақ ішіп отырғанын көрген. Оғанда арақ ішуге ұсынған сон, ол да бірнеше рюмка ішкенін айтқан. Содан кейін таныстары өз шаруасымен кетіп қалған сон, күйеуі екеуінің арасында жан-жал туындаған. Ол оны ұрып, шашынан сүйреп, балконға апарып «секір» деген. Сол кезде сотталушы одан қашып кетіп, үй ішіне кіріп кеткен. Одан кейін, ол пышақпен нан турап тұрған кезде, күйеуі артынан келіп сүлгімен оны қылқындырған сон, ол қолындағы пышағын тастамай, оны қатты итеріп жібердім деген. Оған пышақты қалай сұғып алғанымды білмеймін деген. Күйеуі жерге құлап қалғаннан кейін ол сыртқа шығып, ашуын басып, пәтерге қайта кірген кезде күйеуі демалмай жатқанын көрген.
Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін мойындамай, алдын ала тергеудегі сөздерді ол қысыммен айттым деді. Ол пәтерден шыққан кезінде есік ашық қалғанын, қайтып келген кезде күйеуі өліп жатқанын көргенін айтты. Бірақ, іс бойынша жасалған сараптамалардың қорытындыларымен, куәлердің жауаптарымен оның кінәсі толық дәлелденді.
Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуді белгіледі. Одан басқа, оны маскүнемдіктен еріксіз емдеуді тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі