ЕКІ ЖҮЗДЕН АСТАМ ЖҰПТЫҢ НЕКЕСІ БІРДЕН ҚИЫЛАДЫ
Біріккен Араб Әмірлігі кезекті әлемдік рекорд жасауға дайындалуда. Бұл жолы – отбасын құратындардың саны жағынан тарихтағы ең үлкен неке қию рәсімі өтпек. Бұл туралы http://www.muftyat.kz/ хабарлайды.
25 қараша күні Әл-Айн қаласында ерекше салтанат өтеді. Осы күні 530 жігіт пен қалыңдық некелерін қияды деп жоспарлануда.
Ал аталмыш салтанат елдің 46-шы Ұлттық күні салтанатына орайластырылып отыр.
Әбу-Даби қаласының Сабағаттық кеңесінің мүшесі әрі Неке қоры істері жөніндегі комитеттің бұрынғы төрағасы, шейх Мұхаммед бин Ракадх Әл-Амиридің айтуынша, бұл шара жастарға үйлену салтанатын ұйымдастыруға жұмсайтын қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бір қызығы, ең үлкен неке қию рәсіміне жазылу әлі де жүріп жатыр, ерекше рәсімге қатысушылардың саны күннен-күнге артуы әбден мүмкін.