БҰРЫҢҒЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ 12 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Жақын арада Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таныс қызын өлтіріп, денесін суға лақтырып жіберген бұрыңғы полиция қызметкеріне қатысты айыптау үкімін шығарды.
Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындап, қайтыс болған қыздың ата-анасынан кешірім сұрады.
Сот тергеуінде ол жәбірленуші қызды бұрын танитынын, онымен жақын қарым-қатынаста болғанын, бірақ қыз бірнеше рет оны ұрды-соқты деп арыз жазып, одан кейін қайта-қайта ақша сұрап, мазалаған үшін ол жанұясын сақтап қалу үшін қызбен араласуға қойғанын айтты. Бірақ, екі жылдан кейін қыз оған телефон соғып «бұрыңғының бәрін ұмытайық, қайтадан кездесейік» деген сон, ол ойланып кездесуге келісім береді. Түнгі уақытта ол өзінің автокөлігімен қыздың үй жағына келіп оған телефон соғады. Қыз шыққан сон екеуі кент сыртына шығып кетеді. Одан кейін сотталушы машинасын тоқтатып көліктің артқы орындығына, қыздың қасына отырады. Сөйтіп, «Мен саған 150 000 теңгені беремін, бірақ сен мені мазалауды қоясын ба?» дегенде қыз өзгеріп «бұл сеннен алатын ақшаның басы ғана, бұдан кейін мен баяғы тірліктерді көтеремін» деп жауап берген сон ол оң қолымен қыздың мойнынан қысып, қылқындырып ұстап тұрып, сол қолының жұдырығымен оның ішінен бірнеше мәрте ұрған. Осы кезде қыздың үні шықпай қалған. Содан кейін ол сасқалақтап қыздың денесінен құтылмақшы болып, оны автокөліктен шығарып, екі қолын артына қарай қайырып байлап, одан кейін жіптің екінші бөлігімен аяғынан байлап, каналға жиегінен домалатып, суға тастап жібереді.
Мәйіт 3 күн өткен сон табылды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып оны 12 (он екі) жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колниясында өтеуді белгіледі. Одан басқа, полиция майоры шенінен айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі