ЯМАЛДА ПОЛИЦЕЙЛЕР АДАМ ЖЕГЕН АЮДЫ АТЫП ӨЛТІРДІ
Бұл туралы https://www.vesti.ru/ хабарлады. Ямалдағы Гыдан тундрасында 25 жастағы жігіттің жоғалып кеткені туралы туыстары 7 қараша күні хабарлапты.
Осы оқиға бойынша жоғалған азаматты іздеп жүрген полицейлер тундрада аю апанына кездескен. Осы сәт үңгірден шыққан жыртқыш оларға тап беріпті.
Аюды атып өлтіргеннен басқа амалы қалмаған полицейлер апаннан жоғалған жігіттің мәйітін тапты.