ШЫМКЕНТТЕ ЭКСТРЕМИСТІК ИДЕОЛОГИЯНЫ НАСИХАТТАҒАН ТОП ҰСТАЛДЫ
Бүгін ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ішкі істер органдары қызметкерлерін қатыстыра отырып, арнайы операция өткізді. Операция барысында терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының 11 тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ұсталған адамдар «Whatsapp», «Telegram» мессенджерлерінде және Интернет әлеуметтік желілерінде «ДАИШ» және басқа да халықаралық террористік ұйымдардың экстремистік идеологиясын насихаттайтын материалдарды жүйелі түрде таратқан.
Экстремистік материалдар жалпы саны 400-ден астам қатысушысы бар 24 желілік қоғамдастыққа орналастырылған.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада осы іске қатысты тергеу шаралары басталғандағы хабарланады.