КӘДІМГІ КӘУӘПТАН 3 АДАМ АЖАЛ ҚҰШТЫ
Ташкентте үш қыз кәуап жеп, қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kun.uz-ге сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, жақында қыздар езілген кәуап жеген. Содан кейін олардың іші түйіп ауырған.
Дәрі ішкен, бірақ ауруы басылмапты. Сөйтіп үш қыздың біреуі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болады. Қалған екеуі де бірінен кейін бірі қаза тапқан.
Қазір Олмазар ауданының прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, қыздардың қалай уланып қалғандығы анықталып жатыр..