АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Жуырда Қызылорда облысының ТЖД-нің кезекшісінен ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел – құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне Мұстафа Шоқай көшесінде орналасқан «ТОО ПромСтройСервис» мекемесінде жүк автокөлігі қоймаға соғып, соның салдарынан 1 адам қысылып қалғандығы жөнінде хабар түсті.
Жасақ құтқарушылары тез арада оқиға орнына жетіп, анықтау барысында мекеме қарауылы рұқсатсыз автокөлікті басқарып, сол жердің қоймасына соққан.
Құтқарушылар арнайы гидравликалық құралдарды пайдаланып, зардап шегушіні жүк автокөлігінің кабинасынан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
«ОӨАЖҚЖ» ММ