ҚЫЗЫЛОРДАДА «АТФ БАНК» КАССИРІ 600 МЛН ТЕҢГЕ ҰРЛАҒАН
23 шілдеде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы «АТФ Банк» Қызылорда филиалының касса меңгерушісі Қ.Омароваға қатысты аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. (ҚР ҚК-нің 176 б. 4б. «б»т.)
Омарова 2014 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында «АТФ банк» ҚОФ-ның қоймасына кіруге рұқсаты бар тұлға бола тұра 601,9 млн. теңге және 30 мың АҚШ доллар банктің ақша қаражатын ұрлау бойынша айыпталады.
2014 жылғы 26 шілдеде Қызылорда қалалық сот Омарованы қамауға алуды санкциялады. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде, басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы баспасөз қызметі