«МЕДИАЦИЯ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНЫҢ ТӘРТІБІМЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚЫСҚАРТЫЛДЫ
Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Медиация Заңы» қолданылып қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.
Сотталушы А. Батыс-Еуропа, Батыс-Қытай тас жолы бойында орналасқан, «ECON» ашық акционерлік қоғамында сантехник жұмысын істеп жүріп, осы мекеменің ауласында орналасқан жатақхана ішіне терезе арқылы заңсыз кіріп, сақтауда тұрған, «Алмаком» маркалы кондиционерлерін жасырын ұрлап алып шығып, мекеме ауласында тұрған, қызметтік автокөлігіне тиеп, «Сырдария» өзенінің жиегіне апарып жасырып, автокөлігімен қайтып келіп, автокөлікті орнына қойып, «ECON» ашық акционерлік қоғамына жалпы құны 84 000 теңгеге мүліктік шығын келтірген.
Сот талқылауында жәбірленушінің сотталушымен татуласқанын, оған кешірім беретінін, сотталушылардың келтірілген барлық материалдық шығынды толығымен өтегенін, осыған орай, Жалағаш аудандық сотының қаулысымен сотталушы мен жәбірленушінің Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының тәртібімен татуласуларына байланысты, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігіне сәйкес, сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі