АЛМАТЫДА ГРАНАТА ЖАРЫЛДЫ: 1 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ ЖӘНЕ 8 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ
Алматыдағы оқу орындарының бірінде граната жарылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Төтенше оқиға Райымбек даңғылындағы ғимаратта болды.
Граната оқу орнының екінші қабатында жарылған. Алдын ала мәліметке қарағанда, төтенше оқиғадан жеті адам зардап шекті. Қазіргі уақытта бұл аумақ қоршауға алынды, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Граната 17 қараша күні 09.00 шамасында жарылған. Tengrinews.kz тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, жарылыс сән және дизайн колледжінде алғашқы әскери дайындық пәні үстінде болды. Оқиға салдарынан бір оқушы қыз қайтыс болды, тағы сегіз адам зардап шекті, оның бірі - оқытушы. Колледж студенттерінің бірінің айтуынша, граната екінші сабақ үстінде жарылған, содан кейін ғимараттағылардың бәрі шығарылды. Студенттер алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысының колледжде жақыннан бері жұмыс істейтінін айтты.
Оқиға орнына қала әкімі Ахметжан Есімов келді. Қала басшысының орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, әкім қайтыс болған студент қыздың туыстарына көңіл айтты. Есімовтің тапсырмасымен оқиғаның себебін тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Гранатаның жарылу себебін анықтаумен прокуратура, әскери прокуратура және ішкі істер департаменті мамандары айналысады. Ильиннің айтуынша, алғашқы әскери дайындық сабағында не себепті әскери гранатаның қолданылғаны анықталатын болады. Ол алған жарақатынан оқиға орнында студент қыздың қайтыс болғанын айтты. Тағы сегіз адам ауруханаға жатқызылған. Олардың төртеуі ауыр халде жатыр, қалғандарының жағдайы тұрақты. Колледжде оқу процесі тоқтатылды. Прокуратура қызметкерінің хабарлауынша, қару-жарақты заңсыз сақтау және абайсызда адам денсаулығына нұқсан келтіру баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда 19 наурыз күні кешкісін "Орбита-4" ықшамауданында граната жарылған еді. Полиция оқиға орнынан 27 жастағы Роман Поздняковтың денесін тапты. Тергеу оның абайсызда өзін-өзі жарып алғанын анықтады. Поздняковтың анасы мен көршілер зардап шеккен жоқ. Бұл оқиға бойынша марқұмның Евгений Тюкачев деген танысы сотталды. Тергеудің мәліметінше, Поздняковқа әскери гранатаны берген - сол. Бірақ жігіт сотта бұл деректі мойындамады. Сот Тюкачевті үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарып, оған 300 АЕК (555 мың теңге) көлемінде айыппұл салды.