ӘКЕСІН СЫЙЛАМАҒАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 10 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ
Қызылорда облысының тұрғыны әкесіне тіл тигізгені үшін 10 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Облыс тұрғыны өз үйінде әкесіне былапыт сөз айтып, тіл тигізген. Сөйтіп, отбасылық-тұрмыстық қатынастағы адамдарды сыйламайтынын білдіріп, олардың тыныштығын бұзған. "Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқықбұзушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 79-5 бабының 2-бөлігінде қарастырылған әрекетті жасауға айыпты деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік тұтқындау түріндегі жаза тағайындалды", - делінген облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қызылорда тұрғыны тұрмыстық жағдайда заңға қайшы әрекеттер жасағаны үшін бұрын да әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Бір жыл өтпей жатып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте қарастырылған заңбұзушылыққа тағы да жол беріп отыр.
Сот процесінде ол өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді, кешірім сұрады. Әкесі болса, соттан ұлына заң талабына сай жаза белгілеуді өтінді.
Айта кетейік, облыстың Қармақшы ауданының сотында тағы бір азамат осындай заңбұзушылығы үшін сотталды. Мас ер адам "Бибінұр" базарының алдындағы қоғамдық орында айналадағыларды сыйламай тұрғанын түсіне отырып, бір әйелді боқтаған. Сөйтіп, ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 330-бабының 1-бөлігінде қарастырылған ұсақ бұзақылықты жасады, сол үшін оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Сот оны айыпты деп танып, 9260 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасын белгіледі.