ЖЕЛІДЕГІ ЖАЗБАСЫ ҮШІН ТИТУЛЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
«Түркия аруы – 2017» сұлулық байқауының жеңімпазы Ытыр Эсен Twitter әлеуметтік желісінде 2016 жылғы шілдедегі мемлекеттік төңкеріске қатысты пікір жазып, бірнеше сағаттың ішінде сол жазбасы үшін титулынан айырылып қалды, деп хабарлайды https://baq.kz/ ақпараттық агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы байқауды ұйымдастыру комитетінің басшысы Джан Сандыкчиоглу хабарлаған.
Ытыр Эсен өз парақшасында биыл мемлекеттік төңкеріске бір жыл болғанын жазған. Сондай-ақ, сұлулық байқауының жеңімпазы «оның қаны төңкерістен қаза болғандардың қанына» қосылатынын жазған.
«Өкінішке қарай, жазбаны Ытыр Эсеннің өзі жариялаған. Байқаудың ұйымдастырушылары «Түркия аруын» бұлай қабылдай алмайды, себебі біз Түркияны әлемге таныстырып, оның имиджіне ықпал жасағымыз келеді», - дейді комитет басшысы Джан Сандыкчиоғлы.
Айта кетейік, Эсеннің титулдан айырғанына байланысты енді Қытайда өтетін «Әлем аруы - 2017» халықаралық байқауына конкурста екінші орын алған Аслы Сюмэн қатысады.