АЛМАТЫДА 6.0 МАГНИТУДАЛЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ ТІРКЕЛДІ
Алматыда 2014 жылы 14 қарашада таңғы сағат 07:56-да 3-4 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл деректі «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ-ның сейсмикалық стансасының желісі тіркеді.
Дүмпудің кіндігі - Алматыдан оңтүстікке қарай 129 шақырым қашықтықта Қырғызстан территориясында.«Тербелістің энергетикалық класы - 9.7. Магнитудасы - MPV 4.2. Тереңдігі - 20 шақырым», - делінген хабарламада.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қалалық әкімдігі мен ТЖД қызметкерлерінен штаб құрылды. Қазір сейсмикалық белсенді аудандарда ғимараттардың бүтіндігі тексерілуде. Алматы тұрғындарының өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ.
Қазір "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ-ның сейсмикалық стансасының желісі қайталама тербелістерді тіркеуде.