ШИЕЛІДЕ БІР АДАМ ТОҚҚА ТҮСІП, ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Шиелі ауданында бір адам абайсызда тоққа түсіп, қайтыс болды. Қайғылы жағдай Досбол би аулының су жинақтау торабында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында орын алған. Электр тоғының қуаттылығы 330 квт екені анықталды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сәйкес марқұм болған азамат 1974 жылы Алмалы аулында дүниеге келген. Отбасылы, 4 баласы бар. Ол Ақтоған ауылдық округінде орналасқан «Нұрайдан» мекемесінде дәнекерлеуші болып уақытша жұмыс істеген.
Қазір аталған фактіге байланысты тергеу амалдары жүруде.