ҚЫЗМЕТ БАБЫН ПАЙДАЛАНУМЕН ҰШТАСҚАН АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН
Қызылорда қаласының № 2 сотының үкімімен бұрыңғы Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің тергеу басқармасында бөлім бастығы сотталушы Б. мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам бола тұра, құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде қылмыстылықпен күресуге берген кәсіби антын бұзып, өз іс әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін және болмай қоймайтынын алдын ала біліп, осы зардаптардың болуын тілеп, қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан алаяқтық жасаған, яғни бөтеннің мүлкін алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алған.
Атап айтқанда, жәбірленуші М.-дан АІІБ-нің бұрынғы қызметкері Ж.-ның көмегімен Қызылорда ОІІД-і тергеу басқармасының тергеушісі Б.-ның өндірісіндегі өзіне қатысты қылмыстық істі қысқартқызу мақсатында, Б.-дан 600.000 теңге алған.
Сот сотталушы Ж.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігінің «г» тармағымен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 3 жылға бас бостандық еркінен айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге үкім етті. Сондай-ақ, полиция подполковнигі арнаулы шенінен айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда қаласы №2 сотының баспасөз қызметі