ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРҒАНЫ ҮШІН ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ЖЕГІЛДІ
2014 жылы 30 қыркүйек күні Қызылорда қаласында орналасқан сауда орны ғимаратының екінші қабатын сотталушы Б. жеке кәсіпкер Ж.-дан ауызша келісім арқылы жалға алып, Қазақстан Республикасының 12.01.2007 жылғы № 219 «Ойын бизнесі туралы» Заңының талаптарын бұзып, «Электронды рулетка» ойын аппаратын орнатып, ойын бизнесі саласындағы ойын мекемесін заңсыз ашып, ұстап және қызметті ұйымдастырған.
Сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 269-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 180 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланып, сотқа келу міндеттемесінен босатылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі