ҚЫЗЫЛОРДАДА ІРІ ПӘТЕР ҰРЛЫҚТАРЫ АШЫЛДЫ
Пәтер ұрлығының алдын алу мен орын алған пәтер ұрлықтарының ізін суытпай ашу мақсатында облыс көлемінде қараша айының 3 мен 6 аралығында «Пәтер» жедел-профилактикалық шарасы жүргізілуде. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«Іс-шара барысында жедел жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің криминалды полиция қызметкерлерімен ағымдағы жылдың ақпан айында орын алған пәтер ұрлығы ашылды. Аталған ұрлық қылмысы бойынша жедел анықтау шаралары жүргізіліп, тергеу барысында күдікті ретінде Жаңақорған ауданының 1993 жылы және 1995 жылы туылған 2 азаматы ұсталды. Олардың қылмыстарды алдын ала жоспарланып, Жаңақорған кентінде орналасқан тұрғын үйге терезе арқылы жасырын кіргені белгілі болды. Шағымданушының арызы бойынша 575000 теңге және құны 655000 теңгені құрайтын зергерлік бұйымдары қолды болып, нәтижесінде 1 миллион 225 мың теңге көлеміндегі шығын келтірілген», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жедел-іздестіру жұмыстары барысында осы екі азаматтан құралған топтың қатысуымен 2012 жылы пәтер ұрлығы орын алғандығы анықталды. Аталған азаматтар Жаңақорған кентінде орналасқан дүкенге терезені сындыру арқылы заңсыз кіріп, тартпада тұрған 1 миллион теңге көлеміндегі ақшаны ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.
Осы деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда Жаңақорған АІІБ-мен тергеу амалдары жүргізілуде.
Шынар БЕКБАН