ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ҚҰТЫЛАСЫҢ ДЕП, ӨЗДЕРІ ІСТІ БОЛДЫ
Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің бұрынғы бастығы болған сотталушы азамат мен сотталушы аудандық ішкі істер бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің бұрынғы жедел уәкілі екеуі мемлекеттік қызметкер бола тұра қызмет баптарын пайдаланумен алаяқтық, яғни бөтен мүлікті сенімге қиянат жасау арқылы алдап алған.
Олар жәбірленушіге өздерінің өндірісінде жоқ яғни өздерінің қызметтік құзыреттеріне сәйкес шешуге мүмкіндіктері жоқ, АІІБ-нің анықтаушысының міндетін атқарушыға өндірісінде болған кентте орналасқан Орталық базарда сауда жасайтын азаматшаның құны 105 600 теңге тұратын алтын бұйымдарын алаяқтықпен алдап алып кету фактысы бойынша сезікті екендігін айтып, қылмыстық жауаптылықтан құтылуы үшін 400 000 теңге беруін талап еткен.
Содан сотталушылар жәбірленушімен кездесіп, одан өздері алдында беруін талап еткен 400 000 теңгенің есебінен 50 000 теңгеден алып, жәбірленушіге 100 000 теңгенің мүліктік залалы келтірілген.
Шиелі аудандық сотының үкімімен сотталушыларды ҚР ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігінің «г» тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкілерін тәркілеп, 3 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі