ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫ ҚЫЗДЫ ҚОРЛАҒАН ЕР АДАМ ІЗДЕСТІРІЛУДЕ
Оқиға таңертең болған. Сабаққа кетіп бара жатқан 12 жастағы қызды күдікті көпқабатты үйдің алдынан ұстап алып, жертөлеге апарып, өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асырған дейді полицейлер.
Қазіргі таңда қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімімен қылмыстық іс қозғалған.
Қызылорда облыстық ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Әбдіқаппаровтың айтуынша, ҚК-тің 121-бабының 4-бөлігімен яғни кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер жасаумен қылмыстық іс қозғалып тергелуде.
Қазіргі таңда тергеудің құпиялығына сай басқа мәліметтер жарияланбайды. Күдікті әлі қолға түскен жоқ. Оның жас шамасы әзірге айтылмай отыр. Фотороботы да жасалмаған. Ал ұсталып, кінәсі дәлелденген жағдайда 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, дәл осындай оқиға жуырда Ақтөбе облысында да болған еді. Туысы әрі көршісі он үш жасар ер баланы төрт жыл бойы қорқытып, зорлап келген. Күдікті алғашында баланы "ұялы телефоннан агент қосып беремін" деп алдап шақырып алған көрінеді.
"Сөйтіп, төрт жыл бойы ізінен қалмай, қорлап келген", - дейді полицейлер. Оның үстіне "біреуге айтсаң, елге масқара қыламын" деп қорқытқан екен. Тек екі ай бұрын ғана оқушы бала осы жайды баяндап, полицияға шағымданған. Қазір 48 жастағы күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.