ІРІ МӨЛШЕРДЕГІ СОРА ӨСІМДІГІН ЗАҢСЫЗ САҚТАҒАН АЗАМАТҚА ЖАЗА КЕСІЛДІ
Қармақшы аудандық сотында ірі мөлшерде сора өсімдігін заңсыз сақтаған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Нақтырақ айтсақ, сотталушы Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан 30 шақырым жерде орналасқан "Төбесі ойық там" деп аталатын жерден сора өсімдігін отырғызуға арнайы қарық пен ұяшықтар жасап қойған. Өзінің еккен сора өсімдіктерін суарып, арнайы қарап, күтіп баптап, 1500 түп сора өсімдіктерін өсіріп, 57 түп сора өсімдігін тамырынан қиып, кептірген. Сөйтіп, құрамында есірткі заттары бар ірі мөлшердегі сора өсімдігін заңсыз сақтаған.
Сотта сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындап, өкінетінін айтып, кешірім Үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша жеңілірек жаза сұраған.
Сот қылмыстық іске жан-жақты баға бере келе сотталушыны кінәлі деп танып, ҚР ҚК-нің 58 бабының 2 бөлігіне сай 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі