ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Қармақшы аудандық сотында 2014 жылдың 15 қазанында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингте аудандық соттың бас маманы Ж.Тоғызбаев, сот өндірісінде Қазақстан Республикасының ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігімен қаралып, аяқталған сотталушы Қ.-ның қылмыстық ісі бойынша төмендегідей сұхбат берді.
2014 жылдың 13 қазанында аудандық соттың сот залында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 311-бабының 2 бөлігімен айыпталған сотталушы Қ.-ның қылмыстық ісі қаралды.
Сотталушы Қ. Қызылорда ОІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасының жол-патрульдік полиция ротасы саптық бөлінісінің полицейі қызметін атқарып жүріп, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті лауазымды адам бола тұра, пара берушіге қамқоршылық жасап, қызметтік өкілеттігіне кіретін, пара берушінің пайдасына мүмкіндік жасаған әрекетсіздігі үшін ақша түріндегі пара алу мақсатында, 2014 жылдың сәуір айының 16 күні, сағат 18.00 шамасында «Шымкент-Самара» тас жолының Қармақшы ауданының тұсында автокөлігінің жарық шамын жақпай жүруіне байланысты, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырмау үшін, арызданушы К.-дан 40000 теңге пара алған.
Сот сотталушы Қ.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 311-бабының 2 бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 5 жылға құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, ҚР ҚК-нің 63 бабының 1 бөлігін қолданып, тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын шартты деп санап, 3 жыл сынақ мерзімі тағайындалды.
Брифинг барысында тілшілер тарапынан қойылған өзге де сауалдарға жауап берілді.
Қармақшы аудандық баспасөз сотының қызметі