АДАМ ҚАҒЫП ҚАШЫП КЕТКЕН
Қызылордада «Opel Vektra » автокөлігін басқарған азамат жол жиегінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, денсаулығына «орташа» деңгейдегі зиян келтіре тұра оқиға орнынан қашып кеткен. Осылайша жол қауіпсіздігі ережесінің 10,1, 2.5 тармағын бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 468-1 бабымен және 469 бабының 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.
Күдікті қолға түсіп, сот отырысында өз кінәсін толығымен мойындап, кешірім сұрағанмен Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік соты құқық бұзушыны кінәлі деп тауып, оны 2 тәулік әкімшілік қамауға алып, 1 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға қаулы етті.
Қызылорда қалалық мамандандырылған
әкімшілік сотының баспасөз қызметі