ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫ ҚҰРЫҚТАДЫ
Облыстық ішкі істер департаменті, облыстық прокуратура және банктің ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Қызылорда аумағында орналасқан екінші деңгейлі банктің бірінде банк қызметкерлерінің 2013 жылдан бері облыс төңірегінде тұратын 260 жеке тұлғаға кепілдемесіз несиелерді заңсыз рәсімдеп келгендігін анықтады. Соның салдарынан банкке жалпы 727 миллион 190 мың 803 теңге көлеміндегі мүліктік залал келтірілгені дәлелденді.
Аталған дерек бойынша Қызылорда ОІІД Тергеу басқармасымен 2 қаңтарда қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері мен прокурорлардан жасақталған жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу амалдары барысында күдікті азамат өз қызмет бабын пайдалана отырып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, құрамына өзі жетекшілік ететін филиалының бөлшектік бизнес саласы қызметкерлері мен жеңіл табыс табуға бейім тұлғаларды тартқандығы анықталған. Ұйымдасқан топтың қылмыстық жоспарына сай, несие беруге жатпайтын тұлғалардың құжаттарын кедергісіз рәсімдеп, несие берілуін қамтамасыз етіп отырған. Топтың құрамына бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар мен еш жерде жұмыс жасамайтын, несие алып беру саласы бойынша алаяқтық үшін сотталған таныстарын тарта отырып, тұрақты табыс көзі жоқ, несие беру талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды іздеп тауып отырған. Олардың зейнетақы қорларына ақша салу арқылы несие алу құқын беретін жалған құжаттар дайындап, зейнетақы қорына салынған ақша мен алынған несиенің 20 пайызын «банк қызметі үшін» төленетін ақы деп алдап алып, қылмыстық топ мүшелері арасында теңдей бөлініп алынған.
Қазіргі таңда қылмыстық топтың ұйымдастырушысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 235-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс, топтың өзге 14 мүшесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 235-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Іс заңды шешім қабылдану үшін облыстық сотқа жолданып, қаралуда.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі