ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН АУЫР ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН АЗАМАТ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
27 қазанда Қызылорда қаласы тұрғыны азаматшадан «102» қызметінің кезекші бөліміне өзімен бірге тұратын 24 жастағы ұлы таңертең дүкенде сауда жасап тұрған кезінде шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде және келесі күні азанғы уақытта аталған азаматшаның ұялы телефонына белгісіз нөмірден «полицияға хабарласпай 3.000.000 теңге тап, бір аптадан кейін хабарласамын» деген смс-хабарламасы келгендігі жөнінде ақпарат келіп түскен.
Хабарлама түскеннен кейін Қызылорда ОІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, қысқа мерзімде қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде 20 жастағы қала тұрғыны анықталып, полиция қызметкерлерімен құрықталды.
Тергеу барысында жәбірленуші мен сезіктінің арасында жанжал туып, әжетхана жанында екеуі төбелесіп, сезікті шипырмен мойнынан ұрып өлтіргені анықталды. Дененің демалмай жатқанын көріп, мәйітті әжетхананың ішіне тастай салған. Соңынан қылмысын жасырып, полицияны адастыру мақсатында жәбірленушінің анасының ұялы телефонына жалған хабарлама жолдаған.
Қазіргі таңда күдікті Қызылорда ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша 27.10.2014 жылы Қызылорда ҚІІБ-нің Тергеу бөлімімен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 96-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі