ЗАҢҒА БАҒЫНБАҒАН АЗАМАТША ЖАЗАСЫН АЛДЫ
Азаматша А.-ның басқаруындағы автокөлігін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіге жол бермей, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-7 бабының 1-бөлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қызылорда ҚІІБ-ның ЖППБ-ның қызмет инспекторы полиция қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Сотталушы А. ЖППБ-ның қызмет инспекторының қолындағы ресми құжаты болып табылатын №9028747 санды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны жұлып алып, оны үстінен астына қарай жыртып, бүлдіріп, жерге лақтырып тастаған.
Сотталушы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 324-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 370 400 теңге айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі