ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ӨРТ САЛДАРЫНАН 2 БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Кеше күндізгі 12-лер шамасында Қызылордаға қарайлас Тасбөгет кентінде жеке үйлердің бірі отқа оралып, тілсіз жау бір отбасының төрт жасар ұл мен үш жасар қыз баланы жалмап кетті. Өрттің неден пайда болғанын мамандар әлі дөп басып айта алмады.
Белгілі болғаны, бүл үйде екі жыл бұрын жалғыз ұлдарынан айырылған үлкен кісілер мен келіні және екі немерелері тұрып келген. Өрт болар кезде үй ішінде әжесі мен екі немересі болған. Аталары қорада болса, келіндері жұмысқа кеткен екен. Өрттің қалай, неден болғанын ешкім білмейді. Жарты сағат ішінде кішкене үйден түкте қалмаған.
- Екі кішкентай бала ішінде қалып қойды деген хабарлама түсті бізге. Төбе жағының құлауына байланысты біздің қызметкерлер екі баланы алып шықты. Екі жасөспірім жедел-жәрдем көмегімен ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Өрттің шығу себептері анықталуда, -дейді «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары Нұрсұлтан Ибрагимов.