АЛМАТЫДА ПОЛИЦЕЙ ӘЙЕЛ СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛДЫ
Алматыда мектеп инспекторына шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Ұялы телефон камерасына діни мазмұндағы тақырыпта дауыстап сөйлеп тұрған ер адам түсіп қалған. Балаларға қарап сөйлеп тұрған ол, монологқа араласпақ болған полицей әйелді соға бастайды. Бейнероликті өзінің Facebook желісіндегі парақшасына Діндерді зерттеу орталықтары ассоциациясының басшысы Юлия Денисенко жариялаған болатын. Полиция аталған оқиғаны растады. ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, видеодағы ер адам анықталған.
"Бұл оқиға Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің бірінде болған. Қазіргі уақытта А.Г.Кимге қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұрын соңды ол интенсивті бақылауда арнайы типтегі психиатриялық станционарда мәжбүрлі түрде емделуден өткендігі анықталды", — деді ол. Ведомство өкілінің атап өтуінше, мектеп инспекторының денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.